Сенім жəшігі

Ата-аналар мен окушылардың назарына!

Мектебімізде «Сенім жəшігі» мен «Сенім телефоны» жұмыс жасайды.

«Сенім жəшігі» туралы мəлімет.

Егер Сізді қандай да бір мәселе мазалап жүрсе, ол достыққа байланысты, отбасындағы, сыныптағы және ұстаздармен қарым-қатынас болса, онда бұл Сіз үшін! Бізге жазыңыз!

Егер бір себептермен өзіңізді мазалап жүрген нәрсені айта алмай жүрсеңіз, бізге жаза салыңыз!

Сіз нақты мамандардан көмек алғыңыз келсе, /педагог-психологтан, әлеуметтік педагогтан, мектеп әкімшілігінен/ немесе пайдалы ақпарат алғыңыз келсе, бізге жазыңыз!

Арнайы ұсыныстарыңызды, өтініш-тілегіңізді хат үлгісінде жеткізуіңізге болады. Аты-жөніңізді керсету маңызды емес.

Жоғары сыныптағылардың әлімжеттік жасап жургенін байқасаңыз, өз басыңыздан әлімжеттікті өткерсеңіз, міндетті түрде жазыңыз. Өйткені, қоғамға ондай бұзақылық қажет емес. Мұндай жағдайдың өзінде кейіпкердің атын атамай, жай ғана жүйенің бар екенін көрсетсеңіз жеткілікті.

Мектеп ішінде өткізілуге тиісті бағдарламалар, шаралардың үлгілерін салуыңызға да болады. Сіз белсенді емес шығарсыз. Алайда, қабілетіңізді, талантыңызды танытуға жол бар.

«Сенім жәшігі» мектептің дәлізінде орналасқан.

«Сенім телефоны» туралы мәлімет

Балалар мен ересектерге психологиялық, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету және олардың мәселелерін шешу мақсатында сенім телефоны жұмыс жасайды.

Сенім телефоны: 2-10-09

Директордың ТІЖО тел.: +777515347516 (Дауытбаева Асыл Каримовна)

Педагог-психологтың тел.: +77755479415 (Кушугулова Тогжан Капаровна)

«Сенiм жәшiгi» бойынша атқарылған жұмыстары жөнiнде ақпарат

«Шал ақын ауданының Қазақ орта мектебi» КММ оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетуге мектебiмiзде медбике кабинетi бар, ол келесi қажеттi құралдармен қамтамасыз етiлген: мед. үстел, мед. шкаф, кварцтi лампасы, бой өлшегiш, кушетка, танометр, валидол, корвалол, нашатырь спiртi, аммиак, глицин, антигистаминдi, ыстықты төмендететiн, аллергияға қарсы. Алғашқы көмек және тұмауға қарсы аптечкасы. Дезинфекциялық құралдары (нико хлор, дез. хлор).

Бiлiм алушылардың жеке хат арқылы мәселелерiмен, сырларымен бөлiсу мүмкiндiгiн қанағаттандыру мақсатымен мектеп фойесiнде сенiм жәшiгi орнатылған, оқушылардың құқықтарын қорғау ақпараттық бұрыштамасында «Өз мәселеңдi шығара бiл» тақырыбында балалармен жасөспiрiмдер үшiн сенiм телефондары жазылған ақпараттық парағы iлулi тұр, мектеп сайтында сенiм жәшiгiнiң жеке бөлiмшесi ашылып мобильдi топ мүшелерiнiң номiрлерi, электронды поштасы көрсетiлген. http://b1336.bilim-portal.kz/ 

YAcshik_doveriya YAcshik_doveriya YAcshik_doveriya YAcshik_doveriya YAcshik_doveriya YAcshik_doveriya YAcshik_doveriya